Главная Новости Студенттер тілдер күні мерекесімен құттықтады.
23 сентября 2021                  777
Студенттер тілдер күні мерекесімен құттықтады.

Тіл – мемлекеттің басты айшығы, елдігіміздің тұғыры. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан бабалар мұрасы. Баға жетпес бұл бай мұраны қастерлеп, құрмет тұтамыз.
Еліміз ұлттар достастығы мәселесіне ерекше назар аударады. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні бекітілген. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі аталып өтілуде.

Тілдер мерекесі қазақ тілін ұлықтап қана қоймай, еліміздегі ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралына айналды. «Тіл – адам жанының тілмашы» - Мағжан Жұмабаев. Тіл – адамзатты байланыстырушы, ойы мен сөзін жеткізуші қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлттың діңгегі.
Әр азамат ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. ҚазИТУ студенттері тілдер мерекесі күніне орай, әр тілде сөйлеп, тілектерін білдірді. Мерекелік видеоларды универсиетттің әлеуметтік парақшаларынан көре аласыздар.

Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын!

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
Эдвайзер Абдисулейменова Р.Ш.