Главная Новости Кафедра ұжымы 1-курс студенттерімен кездесу өткізді.
2 қыркүйек 2021                  318224
Кафедра ұжымы 1-курс студенттерімен кездесу өткізді.

ҚазИТУ –да 1-кыркүйектен онлайн түрде басталған бағдарлау аптасында әр кафедра 1-курс студенттерімен кездесулер өткізді. Кездесу барысында меңгерушілер кафедраның оқытушы-профессорлық құрамымен, кафедра жетістіктерімен және жаңа оқу жылындағы мақсат-міндеттерімен таныстырды. Сондай-ақ «Мамандыққа кіріспе» пәні аясында кафедра меңгерушілері әр білім беру бағдарламасына тереңірек тоқталып, студенттерге толыққанды ақпарат берді. Кездесу барысында студенттер сұрақтарын қойып, тиісті жауап алды. Көпшілік сұрақ оқу жылының ұйымдастырылу форматы, «Студенттер үйне» орналасу, тәжірибелік практикалар жайында болды. Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті 2021-2022 оқу жылын дәстүрлі форматында санитарлық талаптарды сақтай отырып студенттердің сабақ барысында қолайлы жағдайдын қамтамасыз ету үшін соңғы дайындық жұмыстары жүргізіуде. Сабақ аралас форматта 1-2 курстары үшін 13 қыркүйек, ол 3-4 курс студенттері мен магистранттар үшін 20 қыркүйектен басталады.