Главная Новости Абай Құнанбаевтың туғанына 176 жыл
10 августа 2021                  1280
Абай Құнанбаевтың туғанына 176 жыл

Бүгін, 10 тамыз қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, данышпан-ойшыл Абайдың туғанына 176 жыл толды. Оның әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерге негізделген шығармашылығы – халқымыздың рухани қазынасы. Осыған орай ҚазИТУ дың Экономика және қаржы білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттері онлайн кездесу кешін өткізді. Кеште студенттер Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін оқумен қатар өмірбаянына да тоқталды.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Белсенді студенттер Ақбота Төребек, Жансая Ебекова, Әбиір Разиялар ақынның «Қорқытпа мені дауылдан», «Сұрғылт тұман дым бүркіп», «Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ», «Ауру жүрек ақырын соғады жәй» өлеңдерін мәнерлеп оқып, өлеңнің мағына, мазмұнын түсіндіруге талпынды. Кешті ұйымдастырған топ эдвайзері Раиса Шоғанбекқызы Абдисулейменова.

Баршамызға ортақ Абай күнімен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! «Абай жолы» телехикаясы: https://www.youtube.com/playlist?list=PLBf-Ed1zJ7068LNtzovcAgmkd90z1LFTu
«Тарих. Тағдыр. Тұлға». Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы: https://www.youtube.com/watch?v=59q_w5Tjq5I&list=PLBf-Ed1zJ706RMyhjEPS72BXXGrZh65j0&index=6 «Абай және біз» деректі фильмі: https://youtu.be/vrOrnocpcZM