Главная Кафедры Технологии оборудования и стандартизации Новости кафедры Өндірістік тәжірибе аясында
05 июнь 2021                  318215
Өндірістік тәжірибе аясында

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің студенттері өндірістік тәжірибе барысында Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми - зерттеу институтының - "Талғар" өңірлік филиалында болды.

Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты-жеміс-көкөніс шаруашылығы саласын дамытудың аса маңызды проблемалары мен міндеттерін шешуге бағытталған селекция, питомник шаруашылығы, агротехнология, биотехнология, фитопатология және энтомология саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін институт болып табылады. Қазақстан инжеренлік-технологиялық университеті кәсіби маман даярлауда және өндірістік тәжірибе барысын ұйымдастыруда Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен ынтымақтастықа жұмыс істейді. Студенттер тәжірибеден өткен "Талғар" өңірлік филиалының жалпы ауданы 139 га құрайды. Онда, алма, алмұрт, қара өрік, өрік, жүзім ағаштарының бағы бар. «Жеміс-көкөніс шаруашалығы» және «Топырақтану және агрохимия» білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары "Талғар" өңірлік филиалында әр түрлі алма сортының түрлерімен танысып, отырғызу процесіне қатысты.

«Біз өндірістік тәжірибе барысында алманың әр түрлі сорттарының бар екенін білдік және оны отырғызу барысына қатыстық. Бұл процесс біз үшін қызықты болды. Әртүрлі сорттардың бірнеше ағашын отырғызбау үшін, бір аралыққа бірнеше түрлі кесінділерді қостық. Көктемде алма ағаштарын егу өнімділікті арттыруға, өсімдіктердің қолайсыз климаттық жағдайларға төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бірнеше жылдан кейін біз еккен алма ағашы жеміс бергенде өз көзімізбен көріп, жемісінен дәм татамыз деп арнайы белгі қалдырып кеттік»- дейді 3- курс студенті Ақбота Тасырбаева.

Сонымен қатар студенттер, көктемгі жүзімді кесу жұмыстармен де айналысты.

«Менің дипломдық жұмысым жүзім саласымен байланысты болғандықтан бұл өндірістік тәжірибе маған ақпарттарды тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндік берді. Өзіме көп пайдалы ақпараттар ала отырып, жүзімді кесу жұмысымен айналысу барысын көрдім. Жүзім ағашын кесу тәсілдері, схемасы, стандарттарды қалыптастыру,бұтаның пайда болуы сияқты ұғымдармен тәжірибе барысында таныстық. Бізге тәжірибе барысында барлығын түсіндіріп, үйретіп жүрген оқытушыларыма және институт қызметкерлеріне еңбегі үшін алғыс білдіргім келеді. Себебі жеміс-көкөніс шаруашылығымен айналысу, маусымдық күтімді қажет ететін жұмыс.»-дейді 4 курс студенті Дуримхан Сахқазы.