Главная Как поступить в КазИТУ Колледж Новости колледжа ҚазИТУ колледжінде Рәміздер күні аталып өтті
04 июня 2021                  74
ҚазИТУ колледжінде Рәміздер күні аталып өтті

4- маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күні. Желбіреген көк туымыз, Елтаңба және Әнұранымыз мемлекеттік рәміздеріміз екені белгілі. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, колледжіміздің «Sanaly urpaq» ерікті-патриоттық клубының мүшелерінің қатысуымен «Мемлекеттік рәміздер - мақтанышымыз» атты концерттік-поэзиялық кеші ұйымдастырылды.

Аталмыш кеште студенттер поэзия оқып, ән шырқалып, слайд арқылы қажетті ақпараттар көрсетті. Патриоттық рухты көтеру мақсатында әнұранымыз шырқалып, елдігіміз, ерлігіміз одан сайын асқақтады.  

«Sanaly urpaq» ерікті-патриоттық клубының мүшелері өздерінің дайындаған шығармашылық жұмыстарымен тәнті етті.