Главная Как поступить в КазИТУ Колледж Новости колледжа 31-мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
31 мая 2021                  72
31-мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу

Біз бұл күнді қаралы дата деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр. Әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы керек. Осыған орай ҚазИТУ колледжінің белсенді студенттері ақпаратпен толық танысу мақсатында кітапхана қызметкерлерімен онлайн кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында студенттер тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, репрессия құрбандарын үнсіздікпен еске алды.

Ащы тарихымызды білмеу — тәуелсіздік қадірін түсінбеумен пара-пар. Ендеше, халық зиялыларын жадымыздан бір сәт те шығармау - баршамыздың ұлт алдындағы азаматтық парызымыз!