Главная Как поступить в КазИТУ Колледж Новости колледжа «Тұлға болып тумайды, қалыптасады» атты онлайн кездесу
28 мая 2021                  94
«Тұлға болып тумайды, қалыптасады» атты онлайн кездесу

«Сезімнің сыртқа шықпас әлі бар ма,Оны ұғарлық адамда сана барда» – деп ұлы ғұлама ғалым Абай атамыз айтқандай, адамның тұлға болып қалыптасуына бірден бір оның санасы, ішкі сезімі әсер ететіні сөзсіз. Осы ретте ҚР Тәуелсіздігіне 30жыл мерейтойына орай 28.05.2021ж  күні ҚазИТУ колледжінде «Тұлға болып тумайды, қалыптасады» тақырыбында онлайн кездесу өтті. Кездесу қонағы - Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының беделді актеры, әнші, Құрмет Орденінің иегері Жоламан Әміров болды.

Кездесу барысында Ж.Әміров өмір жолын, осы өнерге келудегі сәттерін баяндады. Студенттер тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, актерлік шеберлігі дәріптелді.