Главная Как поступить в КазИТУ Колледж Новости колледжа Асмед - 2 медицина орталығымен ҚазИТУ колледжінің студенттері арасында кездесу өтті
16 наурыз 2021                  318212
Асмед - 2 медицина орталығымен ҚазИТУ колледжінің студенттері арасында кездесу өтті

ҚазИТУ колледж студенттерімен Асмед - 2 медицина орталығының маманы  Бердихан А.С. арасында "Профилактикалық егулерді алдын алу және оның зияны" атты  тақырып аясында онлайн кездесу өтті.

Кездесу барысында қазіргі таңда өзекті мәселеге айналған ересектер мен балалардың белгілі бір уақыт аралығында егуге байланысты және олардың тиімділігі мен зиянсыздығы туралы біршама мәліметтер айтылды. Соңғы жылдары әлемде егуге деген аралас көзқарас қалыптасқандығы жайында сөз қозғалды. Қазіргі заманғы егулер көптеген аурулардан және олармен байланысты өлім мен мүгедектіктен қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететінін, міндетті егуге де қарсыластардың саны аз еместігі айтылды.

Қорыта келе, егудің негізгі қасиеттері және егудің адам ағзасына әсері туралы түсінік алудың маңызы зор екендігін түсіндірді.