Главная Новости «Әр өлеңі-бір әлем» байқауы қорытындыланды
17 февраля 2021                  318206
«Әр өлеңі-бір әлем» байқауы қорытындыланды

Биыл ақиық ақын – Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Осыған орай, Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «Әр өлеңі-бір әлем» атты шығармашылық байқауы өтті. Байқауға студенттер онлайн түрде қатысып ақынның өлеңдерін оқып, әндерін орындап, арнауларын арнады. Байқау шарты бойынша, қатысушылар өздеріне ұнаған мұзбалақ ақын Мұқағалидың кез-келген өлеңін оқып, түсірілген бейне жазбаны өзінің парақшасына салып, «ҚазИТУбайқау» деген хэштегпен белгілеу міндеттелген болатын. Жыр додасына «Сен тұр — мен айтайын» деп суырылып шыққан жалпы саны 20-дан астам студент қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша ақынның «Көзің нұрсыз дейсің сен» атты өлеңін орындап, мазмұнды әрі креативті бейне баян түсіріп жариялаған жастар ұйымдары комитетінің «Elite» белсенділер тобының студенттері Құнанбаев Қадыржан, Қажығұмар Ринат, Нұрым Мирас, Бүркітбай Ералхан байқау жеңімпазы болып, Жастар саясаты департаментінің атынан алғыс хат және ақашалай сыйақымен марапатталды. Құттықтаймыз!