Главная Как поступить в КазИТУ Колледж Новости колледжа Дебатная игра на тему "Сегодняшний игрок-завтрашний лидер"
16 февраля 2021                  1316
Дебатная игра на тему "Сегодняшний игрок-завтрашний лидер"

ҚазИТУ колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Арайлым Махажанқызының жетекшілігімен "Туризм" және "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандықтарының студенттері арасында "Бүгінгі пікірталасшы - ертеңгі көшбасшы" тақырыбында дебат ойыны өтті. Екі айналымнан тұратын пікірталасқа ҚазИТУ колледжінің директоры Майра Хұсаинқызы, колледж әдіскері Ақзат Болатовна және арнайы пәндер оқытушысы Арайлым Абдугалиқызы төрелік етті.

Бірінші айналымда екі топқа дайындалған үш тақырыбының бірі ұсынылып, үкімет және оппозизия тарапы анықталды. Төрешілердің шешімі бойынша "ХХІ ғасыр жастары" тақырыбы ортаға тасталды. Үкімет - жақтаушы тарап өз пікірін алға ұсыныс, оппозиция тарапы үкіметке қарсы пікіріп жақсы және дәлелді тұрғыда жеткізе білді.

Екінші айналым - ақтық мәреде төрешілер өздері ұсынған тақырыпты ортаға тастады. Қазіргі кездегі ең актуалды тақырыптардың бірі болып отырған онлайн, яғни "Қашықтықтан оқу" тақырыбы талқыға салынды. Бірінші айналымда өздерін көрсете білген лидерлер мен қатысушылар финалға, ақтық мәреге өтіп, өз топтарының намысын қорғап шықты.

Қатысушы екі тарапта өз пікірлерін дәлелдеп, алға қоя білді. Дегенмен, сайыс болған соң жеңіс те, жеңіліс те болады. Төрешілердің қорытынды шешеімі бойынша 1 курс Туризм мамандығы, яғни "Үкімет" жақтаушы тарап жеңіске жетті.

Белсенділік танытып, өз пікірлерін дәлеледей білген студенттерге алғысымыз шексіз! Қазақстанның болашағы - жастардың қолында!