Главная Новости Жастар жиыны өтті
28 января 2021                  318198
Жастар жиыны өтті

Жуырда ғана жарияланған ел президенті Қ.Ж.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында жастар саясатын дамытып, жастар әлеуетін қолдауға бірқатар ұсыныстар айтылған болатын. Тәуелсіздік жылдарында туылып, Қазақстанның мәдени келбетін, елімізді халықаралық аренада танытып, Тәуелсіздік құндылықтарын жер жүзіне паш ететіп жүрген жастар жетерлік Осы орайда Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Жастар саясаты департаменті жанында университет қабырғасында жүріп жастар ұйымдары комитетінде белсенді болып, бүгінде шет елдерде білімін жалғастырып жатқан әр түрлі салада жетістікке жеткен жігерлі жастардың жиыны өтті.



Университет ректоры Г.А.Сарсенбекованың қатысуымен өткен жиында университетімізде атқарылған іс-шарлар мен жетістіктері және алдағы стратегиялық жоспары талқыланды. Кездесу қонақтары Жастар саясатын дамытудағы өз ойларын айтып, белсенді жастарды қолдау және университет имиджін арттырудағы жастар саясатының маңыздылығы туралы пікірлерін білдірді.

Студенттік баспасөз қызметі