Главная Новости Ақынмен кездесу өтті
10 ноября 2020                  318206
Ақынмен кездесу өтті

ҚазИТУ-да 10 қазан 2020 жылы сағат 14-00-де Қазақстан Жазушылар одағының,Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисті, халықаралық «Михаил Шолохов» алтын медалінің иегері Сәрсенбек Бекмұратұлымен онлайн кездесу өтті. Ақын әңгімені өзінің туып өскен жеріне деген сағынышынан бастады. Балалық бал дәурен кезіндегі көрген қиыншылық, ауылдың қиын-қыспақ кездегі ауыр тіршілігін көзімен көріп жүрген жас балғын 8-сыныпта оқып жүргенінде алғашқы өлеңін жазғанынын тебірене айтты. Ауыл жағдайына көңіл бөлуге аудан, ауыл басшыларын сынаған мақаласы аудандық кейіннен облыстық тіпті республикалық қазіргі «Егемен Қазасқтан» сол кездегі «Социалистік Қазақстан» газетінің беттерінде жарияланып елге танымал бола бастады. Осыдан журналист мамандығына оқуға түсуді армандап, Алматыға келеді. Қайсар да, қайратты жас жігіт алған бетінен қайтпай қатарынан 6 жыл бойы оқуға тапсырады. Әскери борышын өтеген соң КазГУ-дің журналистика факультетіне сырттай қабылданып, арманы орындалады.

Сәрсенбек Бекмұратұлы «Жетісу» газетінде, Қазақ радиосында қызмет атқарады. Қазіргі уақытта «Алматы ақшамы» газетінде «Қазақы пайым» бетінінің тұрақты жүргізушісі. Оның «Жан жұпары», «Мұхаммедтің мөрі» жыр жинақтары шыққан.

Бірнеше көркем очерктері, жыр жинақтарына топтама өлеңдері басылған. Ол он кітаптың авторы Міне осындай толыққанды таныстырудан кейін студенттер қызықты сұрақтар қойып, кездесуді әсерлендіре түсті. Студенттер Әбиір Разия, Төребек Ақбота, Жарболова Зарина, Ертуғанов Бақдәулет, Қалиақпар Арсен, Серікбай Эльмира, Асхатұлы Мәулен өздірін қызықтыратын сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.

Ақын Сәрсенбек Бекмұратұлы ҚазИТУ ұжымының басшылығына арнайы Ректор Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызына ризашылығын білдірді. Сөз соңында ақын университет студенттеріне жарқын болашақ тілеп, еліміздің көркеюіне зор үлес қосатын маман болуларын тіледі.

Кездесуді ұйымдастырушы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Раиса Шоғанбекқызы танымдық кездесу болғанын айта келіп, ақынға шығармашылық табыстар тіледі.