Главная Новости «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының XXVI конференциясы
11 қараша 2020                  318202
«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының XXVI конференциясы

11 қараша 2020 жыл «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының XXVI конференциясы өтті. «Nur Otan» партиясының Бостандық аудандық филиалынан конференцияға делегат ретінде университет ректоры Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызы қатысты. Конференцияның күн тәртібі бойынша «Nur Otan» партиясының Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасы мен партиялық тізімі бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің партиялық дебатына қатысушылар анықталды.

Сондай-ақ конференция барысында «Праймериз» АЖ арқылы делегаттардың жасырын рейтингтік дауыс беруі болып, нәтижелерді жариялау арқылы Алматы қаласында праймериз өткізудің соңғы кезеңі аяқталды.

Бұл ретте, пандемияны ескере отырып, партиялық конференция барысы барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды.