Главная Новости ҚазИТУ онлайн студиясында-Қабдол Тілеков!
03 ноября 2020                  318194
ҚазИТУ онлайн студиясында-Қабдол Тілеков!

«Студенттік қызық мол жылдар» айдары аясындағы ҚазИТУ онлайн студиясының бұл жолғы қонағы - жастар арасында танымал әзілкеш, шоумен, әлеуметтік желілерде қызықты видео контентімен танылған- Қабдол Тілеков болды.

Қабдол Тілеков – Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының тумасы. Бала күнінен музыка мектебінде оқып, әр түрлі аспаптарды меңгерген. Ең алғаш рет музыка пәні мұғалімі болып қызмет атқарып, 2012 жылдан бастап Жайдарман ойындары арқылы елге танылған. Бүгінде «Көңілді тапқырлар алаңының» көрермендері мен тойдан қалмайтын ағайынға аты таныс, ерекше мақаммен келіндердің бетін ашып, халық ықыласына бөленген- беташарист. Онлайн платформада өткен кездесу студенттерге керемет көңіл-күй сыйлады. Қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, қызықты сұхбаттың куәсі болды.

Кездесу барысында қонағымыз, өзінің өмірі,балалық шағы, өнер жолындағы қадамдары, жоспарлары, жайдарман ойындары мен бет ашу дәстүрі туралы әңгімелеп, «ҚазИТУ студенттері бойыңызға дарыған таланттарыңызды танытудан қорықпаңыздар! Арман- мақсаттарыңыз орындала берсін!» -деп өз тілегін арнады. ҚазИТУ студиясында өткен онлайн кездесуге белсенді қатысып, қонағымыздың өмір жолына байланысты сұрақтарға дұрыс жауап берген 1-курс суденттері Ақбарақ Аружан мен Жарболова Зарина Жастар ұйымдары комитеті атынан қаржылай сыйақыға ие болды.

ҚазИТУ студенттеріне арнайы уақыт бөліп, қызыққа толы сыр-сұхбаттың қонағы болғаны үшін Қабдол Тілековқа үлкен алғыс білдіреміз! Өнер жолында да, өмір жолында да сәттілік тілейміз!