Главная Кафедры Социально-гуманитарных дисциплин Новости кафедры ҚазИТУ оқытушысы иновациялық-кәсіпкерлік бағыттағы оқу құралдарын шығарды
31 октября 2020                  318197
ҚазИТУ оқытушысы иновациялық-кәсіпкерлік бағыттағы оқу құралдарын шығарды

Қазақстан республикасының жаһандау кезеңіндегі ең маңызды мәселелерінің бірі-үштілділік. Еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруге және Болон бастамасының мүмкіндігін жоғарлату, академиялық ұтқырлық пен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін ЖОО-да көптілді білім беру жүйесін құру білім беру саласының бәсекеге қабілетті факторларының бірі болып табылады. Қазақстан инженерлік- технологиялық университетінде студенттерге шет тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдаланып, сөйлеу әрекетінің барлық түрлері бойынша коммуникативті құзіреттілікті дамытып қалыптастыру бағытында үлкен жұмыстар жүргізілуде. Соның дәлелі университетіміздің «Әлеуметтік және гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, Қ.Н. Шохаева «Кәсіби бағыттағы шет тілі» және «Бизнес коммуникация» оқулықтарын жарыққа шығарды.

Шохаева Қарлығаш Нұрланқызы - Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Филология ғылымдарының магистрі, Лингвистика PHD докторанты. Ағылшын француз тілін жетік меңгерген білікті маман. Көптеген конкурстарға қатысып, Франция, Бельгия, Испания, Турция сияқты мемлекеттерде кәсіби біліктілігін шыңдап, жоғары деңгейде ҚазИТУ студенттеріне білім беріп жүрген үлгілі ұстаз.

Автор жариялаған «Кәсіби бағыттағы шет тілі» оқулығы техникалық мамандықтарда оқитын студенттердің кәсіби лексиканы игеріп, оны өз деңгейінде қолдана білу қажеттілігін арттыруға арналған ережелер, мәтіндер мен грамматикалық тапсырмалар берілген. Ал «Бизнес коммуникация» оқулығы барлық мамандықта білім алатын студенттерінің бизнес коммуникациясын арттырып, іскерлік әлемде ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған оқулық болып табылады.

Қарлығаш Нұрланқызы өз сөзінде: «Оқулықты жазудағы негізгі мақсатым КазИТУ студенттерінің ағылшын тілін терең меңгеруіне өз үлесімді қосу. Осы арқылы әлемдік сұранысқа ие ағылшын тіліне деген студенттеріміздің қызығушыдығын ояту. Қазіргі нарық заманында тек жақсы маман болу жеткіліксіз. Сонымен қатар ағылшын тілінде еркін сөйлесіп, бизнес тілін жетік меңгеру қажет. Ал кәсіби- бағытталған шет тілін оқытуда, көңіл бөлетін мәселе ол - пәнге байланысты тақырыпты дұрыс таңдау яғни қандай мамандықта оқытылса, сол мамандыққа қатысты тақырыптарды қамтып, студенттердің кәсіби біліктіліктерін дамытып және кәсіби бағыттағы мәтіндерді мүмкіндігінше көбірек қолдану қажет. Ал менің жарыққа шыққан оқулығым ҚазИТУ студенттерінің өз кәсібі деңгейін арттырып, шет тілін білу арқылы болашақта сұранысқа ие маман болуына көп көмегін тигізеді деген ойдамын»-дейді.