Главная Новости Нұрсұлтан Назарбаев Қоры алдағы оқу жылына арналған республикалық студенттік шәкіртақы байқауын жариялады!!
17 июля 2020                  1162
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры алдағы оқу жылына арналған республикалық студенттік шәкіртақы байқауын жариялады!!

Байқауға қатысуға жоғары оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінің студенттері шақырылады.

Қор шәкіртақысы – өзінің оқуда, спортта және еліміздің қоғамдық өміріндегі жетістіктерін дәлелдеуге берілген тамаша мүмкіндік. «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты» атағына төмендегі студенттер үміткер бола алады:

  • кемінде екі оқу курсын сәтті аяқтаған,
  • академиялық үлгерімнің ең жоғары көрсеткіштері бар,
  • оқу орнының, қаланың және республиканың қоғамдық, ғылымизерттеу және практикалық қызметіне белсенді қатысатын.


Байқау екі кезеңде өтеді.

Бірінші кезеңде ЖОО стипендия алуға ұсыну үшін үздік студенттерді іріктейді.

Екінші республикалық турға қатысу құжаттары 2020 жылдың 5 қыркүйегіне дейін қабылданады. Қор екінші кезеңді барлық номинанттар арасында өткізеді, жоба жеңімпаздарын байқау комиссиясы анықтайды.

Екінші турға қатысу үшін шәкіртақы тағайындау ережелерімен танысып, өтінімді толтырып, Қордың байқау комиссиясына жіберу қажет: