Главная Новости ҚазИТУ ғылыми кітапханасы жаңа кітап қорымен толықты
23 январь 2020                  1008
ҚазИТУ ғылыми кітапханасы жаңа кітап қорымен толықты

Бұл жоба аясында бізге «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады. Сонымен қатар, қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет. Ұлы Даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев

Нұр-Сұлтан қаласында 100 жылға жуық тарихы бар Қазақ радиосының «Алтын қорындағы» үздік батырлар жыры, әндер мен күйлер, айтыс шумақтары, тіпті нақыл сөздер мен ертегілерге дейін енген «Дала фольклорының антологиясы» жарық көрді.

Жинақ Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен жүзеге асқан. Кітап пішінінде болғанымен, оның шінде арнайы дискілері бар. Оған ел сүйіп тыңдайтын әндердің алғашқы орындаушылар айтқан нұсқасы енген. Мәселен, Әміре Қашаубаев пен Кенен Әзірбаев орындаған туындылар олардың өз дауыстарымен салынған.

Бұдан басқа Манарбек Ержанов, Қали Байжанов, Байғабыл Жылқыбаев сынды дауылпаз жыршылардың әні де осы жинақта. Ал, күйлерден Дина Нұрпейісова, Жаппас Қаламбаев, Әбікен Хасенов пен Мағауия Хамзиннің орындауындағы құнды шығармалар топтастырылған.

Ғылыми кітапханаға жаңадан түскен кітаптар тізімі:

1. Дала фольклорының антологиясы: 10 томдық .Т.1. Батырлар жыры: Жыр жинағы / К.І.Матыжанов, т.б.- Алматы: Brand Book, 2019.- 560 б.

2. Дала фольклорының антологиясы: 10 томдық. Т.2. Батырлар жыры: Жыр жинағы / К.І.Матыжанов, т.б.- Алматы: Brand Book, 2019.- 572б. 3. Дала фольклорының антологиясы:10 томдық. Т.3. Тарихи жырлар: Жыр жинағы / К.І.Матыжанов, т.б.-Алматы: Brand Book, 2019.- 584б.

4. Дала фольклорының антологиясы:10 томдық . Т.4. Ғашықтық жырлар: Жыр жинағы / К.І.Матыжанов, т.б.- Алматы: Brand Book, 2019.- 498 б.

5. Дала фольклорының антологиясы:10 томдық . Т.5. Дастандар: Жыр жинағы / К.І.Матыжанов, т.б.- Алматы: Brand Book, 2019.- 528 б.

6. Ұлы даланың көне сарындары: Антология.Үш томдық. Т.1. Музыкалық фольклор.Дәстүрлі ән өнері: Антология / А.Ж.Қазтуғанова, т.б.-Алматы: Brand Book, 2019.-Алматы: Brand Book, 2019.-752 б.

7. Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы: Бес томдық. Т.1. Исламға дейінгі әдеби жәдігерлер: Антология / К.І.Матыжанов, т.б.-Алматы: Brand Book, 2019.-632 б.

Ғылыми кітапхана қорына «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында « Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша 65 аталыммен 1885 дана кітап түсті.

Ғылыми кітапхана қорына жаңадан түскен кітаптар:

1. Шунк, Дейл Х. Оқыту теориясы: білім беру көкжиегі: Оқулық. Ауд. Мизамхан Б.М.-Алматы: Дәуір,2019.- 608б.

2. Эрнст Гомбрих. Өнер тарихы: Оқулық. Ауд. Умарбеков Б.Е. -Алматы: Дәуір, 2019.- 680б. 3.Оксфорд әлеуметтік ғылымдар сөздігі: Сөздік / К.Калхунның редакциясымен.- Алматы:Brand Book, 2019. - 480 б.

4. Оксфорд экономика сөздігі: Сөздік / Блак Д., Хашимзаде Н., Майлз Г. -Алматы: Дәуір, 2019.- 608б.

5. Гомбрих, Э. Переосмысление педагогики для цифровой эпохи. Дизайн в обучении ХХІ века: Учебник.- 2-изд. -Алматы: Brand Book , 2019.- 352с