Главная Как поступить в КазИТУ Колледж Новости колледжа «Қарттарым – асыл қазынам»
10 ноябрь, 2017                  334019
«Қарттарым – асыл қазынам»

   10.11.2017 күні ҚазИТУ колледжінің белсенді студенттерінен құралған «Талант» жастар ұйымы қалалық №3 ардагерлер үйінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік шара өткізді.
   Нұр Отан партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы және Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында студенттеріміз өнерлерін жан-жақты көрсете білді. Соның ішінде, «Жас толқын» шығармашылық клубы мүшесі Берікқожа Камила «Әкеге хат» өлеңін, «Жұлдыз» әншілер клубы мүшесі Қалиева Ақбота «Әке-ана» әнін, «Жас өркен» ансамблі мүшесі Жақан Әлішер «Ерке сылқым» күйін орындап, ал бишілеріміз ұлттық билерден тарту етіп, вальс билеп көрермендер көзайымы болды. «Жұлдыз» әншілер клубы мүшесі Көпжүрсінов Жұбаныш «Өз елім» әнімен мерекелік концертті аяқтады.
   Шара соныңда колледж студенттері 09-10.11.2017 күндер аралығында ұйымдастырған «Қарттарым – асыл қазынам» қайырымдылық акциясының нәтижесінде жиналған 18000 теңге көлеміндегі қаражат №3 ардагерлер үйі директоры Кульбаева Римма Турехановнаға табысталды.