Главная Новости В КазИТУ состоялось Team building ко Дню города
21 сентябрь 2022                  17
В КазИТУ состоялось Team building ко Дню города

20 қыркүйекте Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде қала күніне орай мерекелік шара Team building өтті. Ашық аспан астында өткен мерекелік бағдарламаға 300-ден астам студент қатысып, өнер көрсетті.

Салтанатты жиынның ашылу салтанатында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Г.Ә.Сәрсенбекова университет ұжымы мен студенттерді қала күнімен құттықтап, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.

 

Шара барысында Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының  оқытушысы Овойнко Ричард қазақ тілінде бірнеше ән шырқаса, студенттер ұлттық аспапта күй орындады.Кеш одан әрі би батлымен  жалғасып,  арқан тартысу, күш жарыстыру сынды түрлі ойындармен қыза түсті.

Аталған шарада университет ректоры барша қатысушыларға  тосын сый дайындап, Алматы қаласының символына айналған Алматы апортының 100 келісін ұсынды.

Мерекелік жиын соңында Г.Сәрсенбекова қала күніне орай университет дамуына үлес қосқан студенттерді алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар ұсынды.