Главная Новости Ректор КазИТУ провела встречу с жителями Студенческого дома
21 ноябрь 2022                  311
Ректор КазИТУ провела встречу с жителями Студенческого дома

15 қарашада  Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Г.А.Сәрсенбекова Студенттер үйінде белсенді студенттмен және жастар комитетінің мүшелерімен кездесу өткізді.

Іс-шараға Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Акбота Женисова, Жастар ұйымдары комитетінің төрайымы Фатима Есенәлі, студенттер үйінің старосталары мен 170-тен астам студент қатысты.

Г.Сәрсенбекова білім алушыларды тәрбиелеу және дамыту бойынша жұмыста университеттің тірегі болып табылатын студенттермен осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, студенттердің тұрмыс жағдайын білу үшін Студенттер үйін аралап,  университетте жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі студенттер арқылы бағаланатындығын сөз етіп,  алдағы уақытта да жиі кездесу өткізіп, барлық сауалдары мен ұсыныстарын тыңдауға дайын екендігін айтты.

Жиын барысында білімалушылар өз идеяларын, ұсыныстарын, сұрақтарын еркін қойып, оқу процесіндегі жетістіктерімен бөлісті.

Студенттердің сұрақтарына жауап берген ректор заманауи студенттердің білім беру саласындағы технологияларды меңгерудегі мүмкіндіктерін айтып, оқу үдерісінде қолданылатын платформалардың ерекшеліктеріне тоқталды. Университеттің инфрақұрылымдық және техникалық оқу құрылғыларымен қамтамасыз етілуі, студенттердің білікті маман иесі  атануына бағытталған жұмыс екенін жеткізді.  

Кездесу соңында ректор Г.Сәрсенбекова  студенттердің сұрақтары мен ұсыныстарын талқылап, көтерілген мәселелердің шешілуі бақылауда болатынын айтып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.