Главная Кафедры Техника и технологии пищевых производств Новости кафедры ҚазИТУ студенттері халықаралық көрме жұмысына қатысты
8 ноябрь 2022                  236
ҚазИТУ студенттері халықаралық көрме жұмысына қатысты

2-4 қазан аралығында Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, "Тамақ өндірісінің техникасы мен технологиясы" кафедрасының студенттері қазақстандық Iteca компаниясының ұйымдастыруымен өткен AgroWorld Qazaqstan 2022 және FoodExpo Qazaqstan 2022 дәстүрлі халықаралық көрмесіне қатысты.

Атакент көрме кешенінде өткен іс-шарада Тамақ өндірісінің технологиясы және инжинирингі білім беру бағдарламасының студенттері 14 елден келген әлемнің үздік  120-дан астам ірі компанияларының ет-сүт өнімдері, кондитерлік,  тағамдық қоспалары мен сусындарды өндіру технологияларымен танысып, ауыл шаруашылығы саласындағы  соңғы жетістіктерін тамашалады.  

 

Келесі кезекте Тамақ өндірісінің технологиясы және инжинирингі білім беру бағдарламасының студенттері дәстүрлі AgroWorld Qazaqstan 2022 және FoodExpo Qazaqstan 2022 көрмесінің алаңында технологиялар мен жабдықтарды жеткізушілер, азық-түлік пен сусындарды өндірушілер, дистрибьюторлар және ритейлерлермен кездесіп, азық-түлік саласын дамытудағы айрықша маңыздылықты зерттеу мақсатында түрлі сұрақтарға жауап алып, біліктіліктерін шыңдады. Көрме жұмысы соңында білім алушылар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, топырақты өңдеу және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, мал шаруашылығын дамыту, суару мәселелері сынды әртүрлі тақырыпта отандық және шетелдік ғалымдардың баяндамаларын тыңдап, ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші бизнес-алаң – AgroWorld Qazaqstan халықаралық көрмесі алаңында агроөнеркәсіптік кешен мамандары үшін шикізатты өсіру бойынша ұсыныстарды, оны өңдеуге арналған жабдықтар мен технологияларды, тамақ өнімдері мен сусындарды өндіруге арналған шешімдерді, сондай-ақ буып-түюге, сақтауға және тасымалдауға арналған жабдықтарды игеруді үйреніп, білікті мамандардың шеберлік сағатына қатысты.