Главная Новости ҚАЗИТУ РЕКТОРЫ ПОМОЛОГИЯЛЫҚ БАҚТЫҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
16 сентябрь 2022                  207
ҚАЗИТУ РЕКТОРЫ ПОМОЛОГИЯЛЫҚ БАҚТЫҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

        2022 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының "Талғар" өңірлік филиалында Помологиялық бақта осы бақтың 85 жылдығына арналған "Жеміс-көкөніс шаруашылығы саласындағы ғылымды дамытудың өзекті мәселелері мен болашағы" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

       Конференцияға ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек, ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы департаментінің директоры Азат Сұлтанов, ҚР АШМ Ғылым басқармасының бастығы Шәрбан Қосқараева, ҰАҒБО Ситуациялық-талдау орталығының жетекшісі Серік Сыдықов, ҚазИТУ ректоры Гүлнәр Сәрсенбекова, ҚазИТУ стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Оксана Каруна,  ардагер ғалымдар, белгілі аграрлық компаниялардың өкілдері, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысты.

 

 

1937 жылы құрылып, республикадағы алдыңғы қатарлы ғылыми мекеме болған Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ҒЗИ негізгі бөлімдерінің бірі – Помологиялық бақтың тарихтағы алар орны ерекше. Помологиялық бақтың құрылуына танымал ғалымдар А.Д.Жанғалиев, Б.А.Раушенбах, белгілі селекционерлер А.Н.Кацейко, Н.В.Марков тікелей қатысқан болатын. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында Помологиялық бақ аумағына экскурсия жасалып, жеміс-жидек өнімдеріне дегустация өтті.Одан әрі жеміс-көкөніс және шарап өнімдері , түрлі техникалар , тыңайтқыштар , өсімдіктерді қорғау құралдары мен биопрепараттарға көрмес ұйымдастырылып, шолу жасалды. Помологиялық бақта жиналған өсімдік сорттары және осында өсірілген будандар Орталық Азиядағы жеміс-жидек дақылдарының ең ірі генетикалық қоры болып табылады. Селекциялық процесті жетілдіру үшін биотехнологиялық тың әдістер инновациялық ғылыми деңгейде қолданылады. Жаңа сұрыптар қатары көбейтіліп, шаруа және фермер қожалықтарына беріледі, бұл Қазақстандағы барлық бақтардың сорттық құрамын жақсартуға және қазіргі заманғы жеміс шаруашылығын дамытуға ықпал етеді.