Главная Новости ҚазИТУ-да «Білім күніне» арналған салтанатты шара өтті
1 сентябрь 2022                  318215
ҚазИТУ-да «Білім күніне» арналған салтанатты шара өтті

Жаңа  оқу  жылының  басталуына  орай Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде   біршама  іс -шарлар болып  өтті. Оқу  ордасының  табалдырығын жаңадан аттаған студенттерге  мерекелік шаралар ұйымдастырылса,  университет ректоры Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызы «Білім  күнімен»  құттықтап, 2022-2023 оқу  жылының   жоспарларымен  таныстырды. 

1 курс студенттеріне  арналған  мерекелік  шара оқу  ордасында  салтанатты  түрде аталып  өтті.  Аталмыш шараға   университет ректоры Г.Ә.Сәрсенбекова, Академиялық қызмет жөніндегі проректор Д.Б.Ақпанбетов, Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор О.Л.Каруна, кафедра меңгерушілері, профессорлық- оқытушылық құрам, студенттер мен ата-аналар қатысты.

Алғашқы сөз тізгінін алған университет ректоры Г.Сәрсенбекова   ұстаздар мен студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен арнайы құттықтап, студенттердің ата-аналарына да ыстық лебізін жеткізді. Сапалы білім алулары үшін университет әкімшілігі тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалатынын, жаһандану үдерісінде бәсекеге қабілетті, білімді де білікті, кәсіби шеберлігі жоғары, ойы ұшқыр, өзіндік ғылыми көзқарасы мен пайым-талғамы биік мамандар даярлап, оларға жақсы тәрбие беру университет ұжымы мен ондағы оқытушылардың басты мақсаты екендігін баса айтып өтті. Сонымен қатар, 2022-2023 оқу жылында мемлекеттік грант иегері атанып , Қазақстан инженерлік-технологиялық университетіне оқуға түскен студенттерге  университет басшылығы атынан заманауи соңғы үлгідегі ноутбук табыстады. Бүгінде студенттердің қатары республикалық «Зерде-ҚазИТУ» олимпиадасының жеңімпаздары, «Алтын белгі» иегерлері, оқу үздіктері мен әртүрлі шығармашылық, спорттық байқаулардың жүлдегерлерімен толыққандығын айтты.

 

Келесі кезекте проректорлар қауымы студенттерге университеттің тыныс-тіршілігі, оқу үдерісі, университеттің басты миссиясы жайлы таныстырып, жаңа өмірге аттаған қадамдарына сәттілік тіледі.

 

Ауқымды  шарадан соң  студенттер кафедраның  профессорлық-оқытушылық  құрамымен танысып, университет корпустарына шолу жасады.    Алдағы оқу жылына  жаңа  серпін мен  күш-қуат  жинап келген студенттерді университет ұжымы көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.