Главная Новости КазИТУ + Dreamskills = Гарвард/Кембридж
20 июль 2022                  514
КазИТУ + Dreamskills = Гарвард/Кембридж

Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті студенттердің әлемдік білім додаларында оза шауып, елінің мақтанышына айналуына барлық жағдайды жасап отыр. Соның бірі – ҚазИТУ мен Dreamskills академиясы арасындағы серіктестік бағыттағы келісім-шарт, яғни ҚазИТУ студенттері әлемнің ең үздік университеттерінің оқу бағдарламасымен білім алып, қанатын кеңге сермеуге мүмкіндік бар.

Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жобаны жүзеге асыру үшін ҚазИТУ өзінің қызметкерлерін дайындықтан өткізді. Университет пен колледждің 100-ден астам әкімшілік-басқару қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамы California Irvine университетінің «FoundationsoftManagement» курсын аяқтап, шетелдік оқу орнының сертификатын алды. Аталмыш курс аясында олар бәсекеге қабілеттілікті арттыру, адами ресурстарды басқару, стратегиялық шешім қабылдау, әлеуметтік жауапкершілік пен этика, қызметкерлерді ынталандырудың тиімді әдістерімен танысты.

Студенттер әлемнің ТОП 50 университетінің, атап айтқанда Pennsylvania University, University of Virginia, The University of Illinois at Urbana Champaign, The State University of New York, ESSEC Business School, University of Michigan және т.б. беделді білім ордаларының бағдарламаларымен оқиды. Оқуды сәтті аяқтаған студент өзі бітірген шетелдік оқу орнының сертификатына ие болады. Маңыздысы, оқу қазақ және орыс тілінде өтетіндіктен, ағылшын тілін жете білмеймін, түсінбеймін деп алаңдауға негіз жоқ.

IT, маркетинг, қаржы, туризм, есеп және аудит мамандықтары бойынша оқытылатын дәрістің басты мақсаты – шетелдік жетекші тәжірибені студенттерге үйрету. Яғни курс теорияға емес, практикаға көп көңіл бөледі. Өз саласында маман болуға керекті құралдарды қысқа уақыттың ішінде үйреніп шығады. Мысалы, қаржы студенттері HardvardUniversity-дің кейстарын шешеді. Олар Microsoft Excel-ді қолданып қаржылық модельдер құрайды, қазақстандық және шетелдік компаниялардың қаржылық есептеріне түрлі анализ жасайды. Ал маркетинг студенттері LeanStartup қағидасы бойынша компания құрып, оның маркетингтік стратегиясын жасап, түрлі фреймворктарды қолданып анализдер өткізіп, GoogleAds, FacebookAds-та жарнама құрастырып, TildaPublishing платформасында сайт жасап, оның UX/UI заңдары бойынша дизайнын жасайды. Осыған ұқсас қолданбалы инструмент қалған барлық курста да өтеді.

ҚазИТУ бұл жобаны Dreamskills академиясымен бірігіп жасауда. Dreamskills академиясы 2017 жылдан бері студенттердің білімін арттырумен айналысады. Қазіргі таңда шетелдік университеттің білімі мен сертификатын алған студенттердің саны 1500-ден асты. Dreamskills командасына АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Германия елдерінде «Болашақ» бағдарламасымен бітіріп келген қазақтың ұлтжанды азаматтары топтасқан.

P.S.

Гарвардта оқығың келе ме? Арманда!

 

Кембриджде оқығың келе ме? Арманда!

 

Оксфордта оқығың келе ме? Арманда!

 

ҚазИТУ-мен бірге арманыңа қанат байлап, биікке самға, жас өрен!