Главная Новости ҚазИТУ-да Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті
9 март 2022                  318203
ҚазИТУ-да Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті

9 наурыз күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде  Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Концертке Алматы қаласы әкімінің Концерттік оркестрі қатысты. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның халық артисі Мұрат Серкебаев.

 

Концерттік бағдарламаның репертуарында – Қазақстан және шетел композиторларының шығармалары мен классикалық музыка тыңдалды.

 

Кештің ашылу салтанатында Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті ректоры Г.А.Сарсенбекова құттықтау сөз сөйлеп, кештің шымылдығын ашты.

Келесі кезекте Мұрат Серкебаев нәзік жандыларға жылы лебізін жолдап,  П.И. Чайковскийдің «Вальс цветов» шығармасымен концерттің ажарын ашты.

Алматы қаласы әкімінің Мұрат Серкебаев басқаратын Концерттік оркестрі тек қана Қазақстан емес, сондай-ақ алыс-жақын шетелдерге де таныс. Ол 1965 жылы құрылған. 1975 жылдан бастап Қазақстанның халық артисі Мұрат Серкебаев оған жетекшілік етіп келеді. Оркестрдің репертуары өте мол, ол қазақтың ұлттық әуендерімен қатар шетелдік композиторлардың да шығармаларын тамаша орындайды.

Өнер ұжымы классикалың музыка табиғатын сүйетін қауымға ерекше әсер қалдырып, қайталанбас ләззат сыйлады.

Кеш соңында өнер майталмандарына ҚазИТУ студенттері гүл шоқтарын ұсынып, университет басшысы Г.А.Сарсенбекова алғыс хатпен марапаттады.