Главная Новости Қоғамды тәрбиелеудің басты құралы ол - еңбек
24 февраль 2022                  318205
Қоғамды тәрбиелеудің басты құралы ол - еңбек

 Өскелең ұрпақтың  саналы тұлға ретінде қалыптасып, дамуының өзі тікелей еңбек етуге үйренуімен байланысты. Жақында Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында "Біз қоғамда еңбекқорлық идеясын орнықтыруымыз керек. Турасын айтайық, бұл қазір ең өзекті мәселе болып тұр. Азаматтарымыз адал еңбекпен табыс табуды ең басты орынға қоюы қажет. Бақуатты ел болу биліктің жұмысына ғана емес, ол, ең алдымен, әрбір азаматтың еңбегіне байланысты"  деп атады.

Осы тұста, Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті студенттерді  еңбекке баулып, біліктілігі мен білімділігін арттыра отырып, сапалы маман даярлау мақсатында "SANDYQ" мейрамханасының бас аспазы  Сқақ Манас Манақбатырұлымен кездесу өткізді. Манас Сқақ  ұлттық асханамызды жаңғыртып жүрген аспаздардың бірі.

 

Айта кетсек, "SANDYQ" мейрамханасы Қазақстанда гастрономиялық туризмды дамыту мақсатында ашылған алғашқы мейрамхана.Негізгі миссиясы қазақ халқының ұлттық ас мәзірінде сирек даярланып, ұмыт қалған тағам мәдениетін қазіргі заман талабына сай жандандыру. Кездесу барысында Манас Сқақ студенттермен танысып, өз ісінің маманы болу үшін үздік білім алып, өз болашағын дұрыс жоспарлау қажеттігін айтып, студенттерге бағыт-бағдар берді. Жиын сұрақ-жауап форматында өткен танымдық ойындармен жалғасып, қатысушыларға «Ми палау», «Жаубүйрек», «Бұқпа», «Мыжыма» сынды атауы ерекше түрлі тағамдар жайында бейнежазба ұсынылды.

 

Келесі кезекте оқытушылар мен студенттер Бас аспаздың шеберлік-сағатын тамашалады. Бұл ретте аспаз авторлық тағамның бірі «» әзірлеу әдісін егжей-тегжейлі баяндап, аспаздық әлемнің қыр-сырымен бөлісті. Көздің жауын алатын, дәмі тіл үйірер ұлттық тағамнан дәм татқан университет ұжымы мен студенттер жоғары бағалады. Шеберлік сағат аясында аспаз студенттермен мол тәжірибе алмасып, кәсіби тұрғыда ақыл-кеңес берді. Өз кезегінде студенттер де қонаққа арнайы дайындалған тәттілерін ұсынып, атақты аспаздың оң бағасын алды. Кездесу соңында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Г.Ә.Сарсенебекова қазақ халқының ерекше өмір сүру салты мен сан ғасырлардан бері қалыптасқан дәстүрлі ас мәзірін насихаттап, білікті маман дайындауда қосқан үлесі үшін Манас Манақбатырұлын алғыс хатпен марапаттап, тәрибелік, патриоттық мәні зор кездесуді қорытындылады.