Главная Кафедры Технологии оборудования и стандартизации Новости кафедры Кептірілген ауыл шаруашылығы өнімдеріне сапа стандарттарын қолдану тақырыбы талқыланды
17 февраль 2022                  318204
Кептірілген ауыл шаруашылығы өнімдеріне сапа стандарттарын қолдану тақырыбы талқыланды

2022 жылғы 16 ақпанда "БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының кептірілген ауыл шаруашылығы өнімдеріне сапа стандарттарын қолдану" тақырыбында ақпараттық семинар өтті.

Жиынға  Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің Технология,жабдық және стандарттау кафедрасының  қауымдастырылған профессоры С.Ж.Қазыбаева, «Қант, тамақ, қайта өңдеу өнеркәсібі» қауымдастығының президенті А.А.Наурызғалиева, қауымдастықтың маманы И.В.Митрофановна, «ҚазЖКШҒЗИ өңдеу   технологиясы және тәлім-бақ» зертханасының меңгерушісі М.В.Уразаева қатысты.  Семинар барысында  өңірлік өндірушілердің тәжірибесіне,  халықаралық коммерциялық стандарттарды енгізу арқылы экспортты жылжытудың өзекті мәселелері талқыланды.

 

 

Сонымен қатар, нарықтық бәсекелестік артуына байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерінің заманауи талаптары туралы, азық-түлік қауіпсіздігі талаптарының тауарлық сападан айырмашылығы жайында баяндама жасалды. Технология,жабдық және стандарттау кафедрасының қауымдастырылған профессоры С.Ж.Қазыбаева, азық-түлік қауіпсіздігі,өндіруші мен тұтынушы тұрғысынан өнімнің сапасы, жаңа піскен жемістердің тауарлық сапасының негізгі көрсеткіштері турасында толық мәлімет берді. Семинар аясында тараптар тәжірибе алмасып, зерттеу жұмыстарын өткізді.