Главная Кафедры Технологии оборудования и стандартизации Новости кафедры "Ет және сүт салаларындағы қалдықтар мен жанама өнімдерді басқару" тақырыбында семинар өтті
4 февраль 2022                  318203
"Ет және сүт салаларындағы қалдықтар мен жанама өнімдерді басқару" тақырыбында семинар өтті

4 ақпан күні Технология, жабдық және стандарттау кафедрасының меңгерушісі А. М. Отыншиева мен кафедра дәріскері Ж. А.Каренеева , "Қазақстан тағам кәсіпкерлерінің одағы"  ЗТБ ұйымдастыруымен,  "Ет және сүт салаларындағы қалдықтар мен жанама өнімдерді басқару" тақырыбында өткен семинарға қатысты.

 Семинардың бірінші күнінде,  тамақ қалдықтары және жанама өнімдер, сондай-ақ қалдықтарды тұрақты басқару қағидаттары, сүт қалдықтарының экологиялық қауіпсіз нұсқалары туралы талдама жасалды.Екінші күнгі семинар тақырыбы  "Сүт және ет қалдықтары мен жанама өнімдерді бағалау" аясында өтті.  Жиын  барысында қалдықтарды басқарудың өмірлік циклын бағалау бойынша  пікірталас жүргізіліп, түрлі мәселелер талқыланды.

 Семинар соңында, пікірталаста белсенділік танытқаны үшін Технология, жабдық және стандарттау кафедрасының меңгерушісі А. М. Отыншиева мен кафедра дәріскері Ж. А.Каренееваны сертификатпен марапаттады .