Главная Новости Бүгін Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні
12 январь 2022                  306
Бүгін Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні

12 қаңтар - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері,  Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі,  Еңбек Қызыл ту ордені мен үш мәрте Социалистік еңбек ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. 

         Қазақтың байлығын қорып, жердегі қазынасын жендеттерге жегізбеген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев  1912 жылы 12 қаңтарда Алматыда дүниеге келді. 50 жылдай ел басқарған қазақ перзентінің туғанына  бүгінде -110жыл.

   Республикамызды басқаруға елу жылдай маңдай терін төгіп, халқының қамын ойлап жүрген кезінде өзінің жанындай жақсы көретін Қазақстанын бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі 15 республиканың ішіндегі ең алдыңғы қатарлы республика дәрежесіне жеткізді. Республика өнеркәсібінің өрге басып, кең-байтақ Қазақстанда атағы әлемге әйгілі алып құрылыстар салынып, еліміздің кез-келген түкпірінде көрікті қалалар мен көркейген ауылдар қанат жайды. Отан қоймасына сан миллиардтаған астық тапсырылып, халықтың қарыны тоқ, көйлегі көк болғанын екінің бірі біледі.

         Дінмұхамед Қонаевтың тұсында Қазақстанның ғылымы, әдебиеті мен мәдениеті әлемдік деңгейге көтеріліп, қазақ әдебиетінің озық үлгілерін әлем халықтары оқыды. Қазақстанның бұл жетістігі, әрине, оны басқарып отырған кемеңгер басшының, жүздеген ұлт өкілдері мекендеп отырған республикамыздағы халықтардың ауызбірлігі мен ынтымағының арқасы емес пе?!