Главная Новости Ректордың қысқы сессияға байланысты студенттермен кездесуі өтті
15 декабрь 2021                  621
Ректордың қысқы сессияға байланысты студенттермен кездесуі өтті

2021 жылдың 13 желтоқсан күні ҚазИТУ ректоры  Г.Ә.Сәрсенбекованың  студенттермен қысқы сессияға байланысты дәстүрлі  кездесуі өтті.Кездесуге университет басқармасы мен бөлім басшылары, студенттер қатысты.

  Жиында ректор Г.Ә.Сәрсенбекова алдағы қысқы сессияның өтілу барысы жөнінде студенттерге толық ақпарат берді.Сондай-ақ Ректордың блогына келіп түскен жаңа сұрақтарға жауап беріле келіп, университет басшысы студенттердің ашық диалог форматындағы сұрақтарына жауап берді. Сессияның дұрыс ұйымдастырылуына байланысты қосымша шаралар жөні де кеңінен талқыланды.

  Ректор өз сөзін : «Сіздердің емтихан сессиясын алаңсыз тапсыруларыңыз үшін осындай іс-шараларды өткізіп жүрміз, қойылған сұрақтардың барлығына жауап берілді. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамаларды қатаң сақтай отырып, сіздердің мүдделеріңіз үшін барлық жағдайды жасап отырмыз»- дей келіп тұжырымдады.