Главная Кафедры Социально-гуманитарных дисциплин Новости кафедры ҚазИТУ-да «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттары дөңгелек үстелде талқыланды
10 декабрь 2021                  318207
ҚазИТУ-да «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттары дөңгелек үстелде талқыланды

«Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің
30 жыл аралығында жеткен жетістіктеріне тоқталып, жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынған болатын.

   Біз Тәуелсіздігімізді баянды етіп, ел тұтастығын сақтап, отбасылық құндылықтарды жаңғыртып, ұлт мәдениетін насихаттап, терең білім мен адал еңбекке ден қойған жасампаз ел боламыз. Елдіктің жеті тұғыры дегеніміз – осы! – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының бастамасымен 10 желтолқсан күні, «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттары дөңгелек үстел отырысында талқыланды. Іс-шарада кафедраның қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылыдарының кандидаты Р.Ш. Абдисулейменова, философия ғылымдарының докторы, профессор К.К.Котошева студенттерге баяндама жасады. Елбасының жастарға арналған үндеуіндегі 7 басымдылықты айқындап, бәсекеге қабілетті қоғамда, технология дамып, жарысып жатқан заманда жас буын өкілдерінің артта қалмауы ол ел келешегі үшін маңызды екендігіне тоқталып, студенттерге шабыт берді.