Главная Как поступить в КазИТУ Колледж Новости колледжа «Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңыздылығы» кураторлық сағат
21 октября 2021                  83
«Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңыздылығы» кураторлық сағат

ҚазИТУ колледжінің студенттеріне кезекті кураторлық сағат өтті. «Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңыздылығы» тақырыбы аясында өткен тәрбие сағаты рухани - адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды мақсат етті. Рухани - адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт.

Студенттерді рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани - адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Рухани - адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет - дарынының ашыла түсуіне, ақыл - парасатын дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.