Главная Как поступить в КазИТУ Колледж Новости колледжа «Діни экстримизмнің алдын алу» ақпараттық дәріс
20 октября 2021                  67
«Діни экстримизмнің алдын алу» ақпараттық дәріс

Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғасырдың ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Террорлық актілерге итермелейтін антогонизмдер және қайшылықтар өсе түсуде.
Осыған орай, ҚазИТУ колледжінің студенттеріне «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында арнайы кездесу өткізілді.

Кездесу барысында, діни мамандар студенттерге статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, діни экстремизмнен зардап шеккен жандардың жалпы санын атап өтті. Тұғырлы мемлекетімізде қоғамға әсер етіп, қорқыныш тудыратын діни ағымдар да аз емес. Қаршыға Байбекұлы есімдері жер жарып тұрған экстремистік ұйымдардан аулақ болу, бұрыс бағыттардан өзін-өзі алшақ ұстау мәселелері жайлы сөз қозғап кетті.

Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы — олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары.  Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде, жоғарғы оқу орындарында «Дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары керек.