Главная Как поступить в КазИТУ Колледж Новости колледжа «ARDUINO UNO платасында светодиодты пайдалана отырып светофор жасау» тақырыбында ашық сабақ өтті
18 октября 2021                  46
«ARDUINO UNO платасында светодиодты пайдалана отырып светофор жасау» тақырыбында ашық сабақ өтті

ҚазИТУ колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Д. А. Әлиасқар 4-курс «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» табының студенттерімен ашық сабақ өтті. 

Ашық сабақ тақырыбы: ARDUINO UNO платасында светодиодты пайдалана отырып светофор жасау. Студенттер ашық сабақ барысында физикалық тұрғыда платаларды дайындап сұлбасымен танысты. Қажетті проводттарды арнайы пиндарға қосып, макетті плата мен Ардуино арасы байланыстырылды. Бағдарламаны жазып алғашқы қадам жасалынды. Код жазу барысында оның қандай мағына беретінін ұғына отырып икроконтроллердің іс-әрекеті баяндалды. Жазылған скетчтарды арнайы ПОРТ-қа қосып плата ток беріп іске қосылып жұмыс нәтижесін берді. Студенттер осы жұмыста, Ардуино қызметімен жақынырақ танысты. Өзіндік бағытына сәйкес плата мүмкіндіктері жайлы мағлұмат алды. Программалаудың әр кезеңіне тоқталып микроконтроллерді басқару мүмкіндігі тікелей программалаумен жүретіні айқындалды. Светофорды кішігірім бір проект ретінде қарап, келесі проекттерге қызығушылықтары арта түседі. Сабаққа ҚазИТУ колледжінің директоры М.Х. Шалабаева, директордың жастар саясаты жөніндегі орынбасары К.Р. Кемпишева қатысып, сабақты талқылады.