Главная Как поступить в КазИТУ Колледж Новости колледжа «Безу теоремасы. Горнер схемасы» тақырыбында ашық сабақ өтті
20 октября 2021                  70
«Безу теоремасы. Горнер схемасы» тақырыбында ашық сабақ өтті

ҚазИТУ колледжінің математика пәні оқытушысы А.С. Мусаева 1-курс «Стандарттау, метрология, сертификаттау» табының студенттерімен ашық сабақ өтті. Ашық сабақ тақырыбы: «Безу теоремасы. Горнер Схемасы». Сабақтың мақсаты: бір айнымалысы бар көпмүшелердің түбірін табуды және көбейткішке жіктеуді, Безу теоремасын, бөлінгіш көпмүше мен қалдықты табуды, Горнер схемасын қолдануды меңгерту. Студенттердің өз бетінше жұмыс істеулерін қалыптастыру.

Ашық сабақ барысында студенттер есеп шығарып, жаңа сабақты меңгеріп, сабақта барынша атсалысып отырды. Сабаққа ҚазИТУ колледжінің директоры М.Х. Шалабаева, директордың жастар саясаты жөніндегі орынбасары К.Р. Кемпишева қатысып, сабақты талқылады.