Главная Как поступить в КазИТУ Колледж Новости колледжа «KazETU one family» экологический день в КазИТУ
15 октября 2021                  318201
«KazETU one family» экологический день в КазИТУ

Қоршаған ортаға қатысты жайттардың барлығына адамдардың мәдениеті мен түсінігінің төмендігі басты себепші болып отыр. Турасын айтқанда, бой­күйездік, салғырттық, жауапсыздық. Айналадағы ортаның жай-күйі үшін азаматтық борышын қалыптастыру, қоршаған ортаны, туған жерді, табиғатты көздің қарашығындай сақтауға баулуда эко­логиялық тәрбие беру жетіспейді. Еліміздің келешегі деп сенген жас ұрпаққа қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен оны қорғау жолдары туралы мағлұмат, экологиялық, эстетикалық тәрбие беру және олардың табиғатқа деген­ көзқарастарын қалыптастырып, оны түсіне білуге баулу, күшейту мақсатында Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті «ЕCO DAY» яғни, экология күнін ұйымдастырды.

Ең алдымен, жастардың экологиялық мәдениетін дұрыс қалыптасуына ықпал жасау керек. Жастардың экологиялық қозғалысының дамуы үшін бағыт көрсету және мүмкіндік беру қажет. Ол мүмкіндікті экологиялық білім мен тәрбиеге баулу арқылы беру керек. Сонда ғана біз «Мәңгілік Ел» бола аламыз. Осы жағдайды шешетін басты жолдардың бірі - экологиялық білім беру мен тәрбие. Бүгінгі таңда қарапайым тұрмыстық және өндірістік экологиялық мәдениеттің және халықтың, әсіресе, жас ұрпақтың әлемге деген дұрыс көзқарасы қалыптасуы үшін жұмыс жасаудың сәті түсіп тұр!

«Жастар ісі комитетінің» ұйымдастыруымен өткен тазалық күні концерттік бағдарламамен басталды. Студенттер өздері дайындаған номерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, күй тартылды. Аталмыш акцияға университет және колледж оқытушылары мен студенттері атсалысып, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, оқу корпусының айналасы мен жатахана маңына тазалық орнатты. Артынша, шараға қатысушы студенттер спорттық ойын түрлерінен жарысып, жүлделі орындармен марапатталып, бірігіп жасалған жұмыстан соң оқытушылар мен студенттерге тегін ыстық тамақ таратылды.

Адам – табиғаттың төл перзенті. «Табиғатсыз  адамзаттың  күні жоқ,  оны айтатын  табиғаттың  тілі  жоқ»  деп бекер­ айтылмаса керек. Жүректерінде табиғатқ­а деген қамқорлық, мейі­рім­ділік  сезімдерін ояту әрбір адамның азаматтық борышы болуы тиіс. Өз денсаулығымыз мықты болсын десек, қоршаған орта тазалығына баса назар аударайық!