Главная Как поступить в КазИТУ Колледж Новости колледжа Дуалдық оқыту жүйесі
24 ноября 2021                  32
Дуалдық оқыту жүйесі

ҚазИТУ колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Атыханова М.Б. 2-курс «Тамақ өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығының студенттеріне дуалдық оқыту жүйесін таныстырды. Дуалдық оқытудың пайдалы жақтарына тоқталып, студенттермен кері байланыс орнатты.

Дуалды оқыту жүйесі – теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Бұл алғаш Алманияда пайда болып, негізі қаланды. Әсіресе оның кәсіптік-техникалық білім бе­ру­­дегі алатын орны ерекше. Мұнда оқу­шылар уақытының үштен екі бөлі­гінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйым­дас­тыруға арнайды.

Дуалды жүйемен оқытудың төмен­дегідей артықшылықтары бар. Біріншіден, түлектердің жұмысқа ор­наласу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен тығыз байланыста болған оқушы жұмыс берушінің айтқан талаптарын игеріп, меңгерген тәжірибесі бар маман болады.

Екіншіден, жақсы білімді, болашақ маман психологиялық жағы­нан жаңа ортаға бейімделген дайын маман болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады. Теория мен тәжірибені меңгеріп, бекі­тілген жұмысқа деген жауапкер­шілік сезімі жоғарылайды. Өндіріс­те болғандықтан ұжыммен жұмыс­ жүргізуге және өндірістегі жұмыстар­ды алып кетуге қабілетті.

Үшіншіден, «тәжірибеден теорияға» принципімен жұмыс жүреді, студент теориялық, яғни мәтінмен айтудан гөрі, өндірістегі жағдаят­тарға сәйкес жұмыс жүргізеді. Теорияда қиындау келетін терминдер мен есептерді тәжірибе жүзінде шешеді. Төртіншіден, студент тек теорияны ғана меңгермей, өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп, заманауи талаптарды меңгереді.