Главная Как поступить в КазИТУ Колледж Новости колледжа «ҚР Президенті құқықтық мәртебесі» тақырыбында ашық сабақ
24 ноября 2021                  26
«ҚР Президенті құқықтық мәртебесі» тақырыбында ашық сабақ

ҚазИТУ колледжінің оқытушысы Байназар А.Д. Құқық негіздері пәні бойынша «ҚР Президенті құқықтық мәртебесі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: студенттерді құқықтық саналылыққа тәрбиелеу, құқықты, заңды білуге, сыйлауға,құрметтеуге, орындауға дағдыландыру. Сабақ барысында студенттер талдау жасап, пікірсайыс ұйымдастырып, сұрақ – жауап алмасты. 

Қазақстан Республикасының барлық азаматтары, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар өз жұмыстарын Конституцияның негізінде жүргізеді. Соның негізінде Студенттерді Конституция ілімімен, жеке адамның құқықтық жағдай негіздерімен, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуы және қызметінің конституциялық қағидаларымен, Қазақстан Республикасының Заң шығару саласымен, соның ішінде Парламент депутаттарының конституциялық құқықтық мәртебесімен таныстыру және дербес дағдылық қызметке дайындау болып келеді. Қазақстан Рсепубликасының конституциялық құқығының осы маңызды мәселелерін студенттердің түсінуі оларға саясат және мемлекеттік-құқықтық аясында дұрыс бағдарлауға, мемлекеттік және конституциялық-құқықтық саясат және тәжірибе мәселелердің дұрыс шешіліуіне жәрдемдеседі.

Ашық сабаққа ҚазИТУ колледжінің директоры М.Х. Шалабаева, жастар саясаты жөніндегі директордың орынбасары К.Р. Кемпишева және арнайы пәндер оқытушылары қатысып, сабақты талқылады.