Главная Как поступить в КазИТУ Колледж Новости колледжа «Жыр алыбы Жамбыл» кітап көрмесі
24 ноября 2021                  42
«Жыр алыбы Жамбыл» кітап көрмесі

Биыл қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы. Осыған орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚазИТУ университеті мен колледжінде кітапхананың ұйымдастыруымен «Жыр алыбы Жамбыл» атты кітап көрмесі өтті. Көрмеге ақынның кітаптары, жинақтары және фото-суреттері ілініп, студенттер ақынның шығармашылығымен танысты. Көрме барысында студенттер Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін оқып, өмірбаянына шолу жасады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Исатай А.М. студенттерге ақын туралы тың деректерді бөлісіп, кітапхана меңгерушісі Махамбетова З.С. кітап көрмесін қорытындылады.

Халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабайұлының есімі бүгінде дүние жүзіне мәлім. Ғасыр жасап, екі заманның бірдей куәсі болған ақын өз тағдырын туған халқымен тұтастырып, оның бар өмірін, биік мұратын, мұң-мүддесін жырына арқау етті, дәстүрлі қазақ жырын жаңа дәуірдің талап-тілектеріне орайластыра, жаңарта, жасарта білді. Кәсіби ұлттық әдебиеттің өкілдерімен қатар жасаған ол сол әдебиеттің жаңалықтарын халық поэзиясында пайдаланып, өзі білген халықтың сөз өнерінің тапқыр да бай үлгісін, азаматтық дәстүрін олардың бойына сіңіруге тырысты.