Главная Как поступить в КазИТУ Колледж Новости колледжа АО «ГОЛД ПРОДУКТ» компаниясында практикалық сабақ
23 ноября 2021                  24
АО «ГОЛД ПРОДУКТ» компаниясында практикалық сабақ

ҚазИТУ колледжінің 2-3-курс «Стандарттау, метрология және сертификаттау» және «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі» мамандықтарының студенттері арнайы пәндер оқытушылары Капарова А.А. және Атыханова М.Б. жетекшілігімен АО «ГОЛД ПРОДУКТ» компаниясына барып теориялық білімдерін практика жүзінде шыңдап қайтты.

АО «ГОЛД ПРОДУКТ» компаниясы Қазақстан нарығында 1998 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания және тұтынушыға, бірінші кезекте, «Түрген» және «Turgen Wines» маркаларымен әрбір қазақстандыққа белгілі жүзім шараптарының ірі өндірушісі ретінде таныс.

Практика барысында компанияның өндіріс жөніндегі директоры Вальков В.В. студенттерге өндірісте қолданылатын қондырғыларды, олардың жұмыс істеу барысын толықтай таныстырып көрсетті. Сонымен қатар студенттер өндіріс талаптары мен нормативтік құжаттар, дайындалу технологиясы, шикізатты қабылдаудан бастап дайын өнімді тұтынуға жіберуге дейінгі үрдіспен таныс болды.