Главная Как поступить в КазИТУ Колледж Новости колледжа Кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді
23 ноября 2021                  49
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді

Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды. Кәсіптік бағдар беру ісін анда – санда бірнеше шаралармен немесе оқушылардың мектепті бітіріп шығу кезіндегі түсінік жұмысымен ғана шектеуге болмайды.

Жоспарға сәйкес ҚазИТУ  оқытушылары аудан мектептеріне бекітіліп, кәсіптік жарнама жүргізу топтары құрылды. Оқытушылар осы жолы 70 ЖББМ барып, колледжді таныстыру жұмыстарын жүргізді. Кәсіптік бағдар беру жұмысын тиімді жүргізу мақсатында мамандықтар бойынша жарнамалық бейнероликтер мен слайдтар, лифлеттер, үгіт – насихат топтары даярланды. Оқытушылардан құралған кәсіби бағдар берушілер мектеп бітіретін 9 және 11 сынып түлектерімен кездесіп, колледждегі мамандықтар туралы презентациялар көрсетіп, оқушылармен түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Қорыта айтқанда, мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Ал, сол кірпішті дұрыс қалауда кәсіби бағдар жұмысының атқарар рөлі зор. Кәсіптік білім берудің мақсаты мен маңыздылығында қазіргі заманауи кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мен білікті мамандарды даярлау қажеттілігі қарастырылған. Сондықтан да кәсіптік бағдар беру жұмысын жүйелі, мақсатты орындай білген кезде мол жетістікке жетеріміз анық.