Главная Лента объявлений Хабарландыру!
17 ноябрь 2021                  266
Хабарландыру!

    Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры  Г.Ә. Сәрсенбекованың 2020-2021 оқу жылына арналған  есептік баяндамасы өтеді.

    Кездесу тікелей эфирде Zoom бағдарламасы арқылы жүргізіледі және Facebook, Youtube, Instagram парақшаларында трансляцияланады.Кездесуге Байқау кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының Саяси бюро өкілдері, БАҚ өкілдері және студенттердің ата- аналары қатысады. Соның ішінде  Филология ғылымының докторы, профессор Аслы Әлиқызы Осман, Алматы қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы  Бекжан  Хамитұлы,Алматы қалалық  «Алматы ақшамы» газетінің  тілшісі Рая Ескендір, Adyrna.kz ақпараттық агенттігі, Mezgil.kz  ақпараттық агенттігінің журналисттері  және т.б БАҚ өкілдері қатысады.

     Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры  Г.Ә. Сәрсенбекова өз баяндамасында  2020-2021 оқу жылында жасалған жұмыстың нәтижелері, оқу ғимараттарының жөндеу жұмыстары, жаңа ғылыми кітапхананың іске қосылуы, конференц зал, жас ғалымдар залы, сирек кездесетін кітаптар қоры және цифрландырылған кітап залы,кіші акт залы және жаңа ғылыми лабораториялар пайдалануға берілгені жайлы, студенттердің әлеуметтенуіне, шығармашылық өсуін ұйымдастыруда жүргізілген шаралар жайлы, университетінің Даму бағдарламасын іске асыру мақсатында жүргізілген басты 4 бағыт бойынша , білім бағдарламасына енгізілген өзгерістер жайында, ҚазИТУ  студенттерінің білім деңгейі мен республикалық спорттық шараларда жеткен жетістіктері жайлы баяндайды.